23.10.2026, 17:25
Оқылды: 10

Оралда Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясында 25 қазан – Республика күніне арналған «Еңсесі биік егемен елім» атты мерекелік концерт өтті. 
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін ұлықтаған салтанатты шарада Батыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов құттықтау сөз сөйлеп, жұртшылыққа мерекелік лебізін білдірді.
DSC_2249
Мерекелік кеште филармония әртістері, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі мен «Атамекен» халық биі ансамблі өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әуезді ән мен күмбірлеген күй, ұлттық би үйлесім тапқан концерт елдік рухты асқақтатып, тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеді.
DSC_2398
Концерттің көркем қорытындысы «Атамекен» әнімен түйінделді. Мерекелік шара соңында өнер көрсеткен әртістерге облыс әкімі атынан ықылас гүлі табысталып, шығармашылық ұжымның еңбегіне құрмет көрсетілді.
Айжан Бауыржанқызы,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале