23.10.2026, 15:30
Оқылды: 9

Ұлттық ұланда Республика күні аталып өтті

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығында Республика күніне орай салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

b2eb98c5-ac17-47e5-9647-690f96555e64

25 қазан – Республика күні қарсаңында өткен іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілердің бойындағы отансүйгіштік сезімді нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елге қызмет етудің маңызын насихаттау.

fe1bc8f1-f02c-42e2-a821-5dd962fb0d9c

Мерекелік шара барысында қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар әскери қызметші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының атынан грамоталармен марапатталды. Бұл – әскери қызметшілердің кәсібилігіне, жауапкершілігі мен адал қызметіне берілген жоғары баға.

441e2ed4-d57b-431f-8de7-ca434e33440d

Концерттік бағдарламаға Құрманғазы атындағы саз колледжінің өнерпаздары қатысып, жиналған қауымға әсем ән мен мың бұралған биден шашу шашты. Өнерпаздардың өнері мерекелік көңіл күй сыйлап, салтанатты кештің мазмұнын байыта түсті.

d9e08dcf-a2a3-49dd-bce1-e33ddb7f5982

Республика күні – мемлекеттілігімізді нығайтып, ел бірлігі мен ұлттық рухты дәріптейтін маңызды мереке. Осындай іс-шаралар әскери қызметшілердің патриоттық сезімін арттырып, Отан алдындағы борышын адал атқаруға деген жігерін шыңдайды.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале