«ӘDILET» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасы болып Ержан Құмарғалиев тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының инспекторы Қуаныш Шарафутдин таныстырды.
Ержан Хабиболлаұлы Құмарғалиев 1991 жылы 30 наурызда Қазталов ауданының Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Музыка» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 04.09.2012-20.08.2020 жылдары Ақпәтер орта мектебінің музыка пәні мұғалімі қызметінен бастады.
20.08.2020-28.08.2020 жж. – Ақпәтер орта мектебінің оқу меңгерушісі;
28.08.2020-15.01.2021 жж. – Ақпәтер орта мектебі директорының міндетін уақытша атқарушы;
15.01.2021-17.03.2022 жж. – Ақпәтер жалпы білім беретін мектебі директорының міндетін уақытша атқарушы;
17.03.2022-25.06.2025 жж. – Ақпәтер жалпы білім беретін мектебінің директоры;
26.06.2025 жылдан бастап күні бүгінге дейін Қазталов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Отбасылы, 2 қыз, 2 ұлы бар.
«Ауыл айнасы» ақпарат