21.10.2026, 17:00
Оқылды: 7

Оралда 15 минут ішінде жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Оралда 15 минут ішінде жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Screenshot

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында BMW көлігінің жүргізушісінің жолда жүру ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасағаны түсірілген бейнежазба полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.

Бейнежазбадан жүргізушінің автокөліктерді қатарынан басып озып, бірін сол жағынан, екіншісін оң жағынан айналып өтіп, жоғары жылдамдықпен қозғалғанын көруге болады. Тексеру нәтижесінде автокөлік анықталып, жүргізушінің кім екені белгілі болды. Ол Батыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғыны болып шықты.

Бейнебақылау жүйесі арқылы жүргізілген қосымша тексеру барысында аталған жүргізушінің небәрі 15 минут ішінде Орал қаласындағы көлік қозғалысы қарқынды Әбілқайыр хан даңғылы мен Шолохов көшесінде жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзып, өзге көлік жүргізушілеріне қауіп төндіретін маневрлер жасағаны анықталды. Жүргізуші заң аясында жауапқа тартылды, сондай-ақ профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпті маневрлерге жол бермеуге және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале