Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық округінде "Мейірімді жүрек" атты жартылай марафон ұйымдастырылды.

30-ға жуық спортшы қатысқан жүгіру марафонына ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және ауыл жастары белсене қатысты.
Ашылу салтанатында Ақжайық ауылдық округінің әкімі Болат Кадыралиев сөз сөйлеп, ұйымдастырушылар мен спортшыларға сәттілік тіледі. Жартылай марафон жүгіру барысында Ақжайық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Марафон қорытындысы бойынша Айбар Байтоков пен Иманғали Сағидолла ІІІ орын иеленсе, Ермек Мұса ІІ орынға табан тіреді. Қатарластарынан оқ бойы оза шапқан Санжар Қатымғали жартылай марафонның жеңімпазы атанды. Сонымен қатар қайырымдылық марафонының барлық қатысушылары алғысхаттармен марапатталды.
Дамир Мурадымов,
Теректі ауданы