20.10.2026, 12:45
Оқылды: 0

Қаратөбе ауданында құтқарушылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Өрт сөндірушілер, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, іздестіру-құтқару топтары және төтенше жағдай кезінде халыққа көмек көрсететін мамандардың еңбегі дәріптеліп, аталып өтілетін айтулы мерекеге орай Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудан әкімдігінің мәжіліс залында құтқарушыларды төл мерекелерімен құттықтап, төтенше жағдайлардың алдын алу, жою кезінде өздерінің қызметтерімен еркшеленген қызметкерлерге марапаттар табыстады.

Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы Қаратөбе аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің №18 өрт сөндіру бекетінің аға көлік жүргізушісі, азаматтық қорғау старшинасы Нұрлан Бақытжановқа ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің  «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерекелік медалін, аталмыш  № 18 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Думан Зинуллинге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Жанболат Жаншиннің алғысхатын табыстады.

Сонымен қатар Қадыржан Орынбасарұлы  Қаракөл ауылдық округінің әкімі Эльдар Амантаевты, Аққозы ауылдық өрт сөндіру бекетінің өрт сөндірушісі Нұрлыбай Құспановты, Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратаның кіші қызметкері Аслан Мусағалиевті, Сулыкөл ауылдық өрт сөндіру бекетінің автокөлік жүргізушісі  Сапарбек Нұртазинді, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мобиолографы Айқын Қылышбековті, Қоскөл ауылдық өрт сөндіру бекетінің басшысы Мирлан Мұхамбетқалиевті, Саралжын ауылдық округі әкімі аппаратының көлік жүргізушісі Берік Опиевті және Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталығы мекемесін мерекелік алғысхатымен марапаттады.

Аталмыш мерекелік жиында аудандық төтенше жағдай саласының ардагері Қайрат Есполсынов сөз алды.

Қайрат Оңғарұлы бірге қызмет жасаған  әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, соңғы жылдары аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлының аталмыш салаға үлкен көңіл бөлуінің арқасында қол жеткізілген жетістіктерге тоқталып, ризашылығын білдірді.

ТЖ Салтанатты шарасы(11)

Сонымен қатар аудан орталығындағы футбол алаңында мерекеге орай ұйымдастырылған спорттық ойын арқан тартыстан командалар арасында аудандық жарыс оздырылды.

Аталмыш аудандық жарыстың ашылу салтанатын аудан әкімінің орынбасары Мұқтар Шайжанов алғысөзімен ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

ТЖ Салтанатты шарасы (12)

Сөз алған сала ардагері Нұрлан Құлниязов әріптестері мен жарысқа қатысушы командаларға жылы лебізін арнады.

Жарыстың бас төрешісі Думан Днишев сап түзеген командаларды ойын тәртібімен таныстырды.

Жарысты ең бірінші болып Қаратөбе жастары мен Алакөл ауылының командалары бастап, нәтижесінде 2-0 есебімен қаратөбелік жастар командасы ұтты.

ТЖ Салтанатты шарасы(16)

11 команда қатысқан тартысты ойындардың қорытындысында «Қаратөбе» спорт клубының командасы І орынды жеңіп алып, жарыс жеңімпазы атанды. Жүлделі ІІ орын Қаратөбе жастарының командасына бұйырды. Ал, ІІІ орынға Алакөл ауылының командасы табан тіреді.

Жарыс жеңімпаздары диплом, кубок және ақшалай сертификаттарға ие болды.

                                                                        Ерболат Райсов,

                                                                        Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале