19.10.2026, 16:15
Оқылды: 8

Құтқарушыларға құрмет көрсетілді

Казталов ауданында «Құтқарушылар күніне» орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ернар Ильясов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Олжас Абдрахманов, сала қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
image-19-10-26-12-48
Жиында аудан әкімінің орынбасары Ернар Аққалиұлы сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жауапты қызметтеріне табыс тіледі. Сонымен қатар бірқатар қызметкерге аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Аудан әкімінің алғыс хатымен №11 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушілері, азаматтық қорғау аға сержанттары Біржан Жасқайратұлы Ахметов, Жандос Садықұлы Садық пен Ербұлан Белесұлы Тлекеш, сондай-ақ өрт сөндіруші-құтқарушы, азаматтық қорғау кіші сержанты Дамир Сағатұлы Уәлиев марапатталды. Бұған қоса №17 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Руслан Болатұлы Қапсиковке, бөлімше командирі, азаматтық қорғау кіші сержанты Ернұр Елтайұлы Қайыржановқа, жүргізуші, азаматтық қорғау сержанты Алтынбек Өмірғалиұлы Өмірғалиевке және өрт сөндіруші-құтқарушы, азаматтық қорғау кіші сержанты Батырбек Марсұлы Самиғоллинге алғыс хат табысталды.
image-19-10-26-12-48-1
image-19-10-26-12-48-2
Сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Олжас Абдрахманов төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде қолдау көрсетіп, сала жұмысына үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді. Осы орайда аудан әкімі аппаратының инспекторлары, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мамандары, мектеп директорлары алғыс хаттармен марапатталды.
image-19-10-26-12-48-6
Салтанатты жиында сала ардагерлерінің де еңбегі ескерілді. Азаматтық қорғау саласында 2000 жылдан бері қызмет атқарып, зейнетке шыққан Иманғали Сисеновке «Төтенше жағдайлар органдарының ардагерлер ұйымына 20 жыл» мерейтойлық төсбелгісі табысталды. Ол еңбек жолында бірқатар басшылық қызметтерді атқарып, Жалпақтал ауылындағы өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымынан зейнетке шыққан.
image-19-10-26-12-48-7
Ал Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгімен Казталов ауданының №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Сырым  Табылдиев марапатталды.
Асылбек Нәсіпқалиұлы 
Казталов ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале