19.10.2026, 17:00
Оқылды: 26

Бөрлі ауданында Республика күніне орай ағаш отырғызу акциясы өтті

Республика күні мерекесі қарсаңында Бөрлі ауданында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.

IMG-20261019-WA0131

10e8666c-4ba8-4f07-ad18-7b159c1679d7

Ізгі бастамаға Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов, ауданымздағы барлық бөлім басшылар мен қызметкерлері, мектеп мұғалімдері және оқушылар қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Аудан аумағын көгалдандыру, жасыл желектердің көлемін арттыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлық сезімін қалыптастыруды мақсат еткен шараға қатысушылар белсенділік танытып, азаматтық жауапкершіліктерін көрсетті.

Ағаш отырғызу акциясы барысында қатысушылар белгіленген аумақтарға көшет отырғызып, ауданның жасыл желегін молайтуға атсалысты. Жоспарға сай әр бөлім кем дегенде 35 көшеттен екті.

64483b29-0cec-4e86-a578-9d063645953f

-Бұл шараға қатысушылардың белсенділігі туған жерді көркейтуге деген ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі болды. Әсіресе, білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқушыларының қатысуы жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің маңызын көрсетті. Осындай ортақ шаралар арқылы оқушылар табиғатты қорғаудың мәнін түсініп, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды үйренеді.

IMG-20261019-WA0117

Ағаш отырғызу – бір күндік шара ғана емес, оның нәтижесін күтіп-баптау арқылы ұзақ мерзімді игілікке айналдыруға болады Республика күні – еліміздің егемендігін, бірлігі мен ынтымағын айшықтайтын маңызды мереке. Осы мереке қарсаңында ұйымдастырылған игі бастама туған жерге деген құрметті арттырып, ел игілігі жолындағы ортақ еңбектің маңызын тағы бір мәрте айқындады,-деді аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы.

WhatsApp Image 2026-10-19 at 17.55.49

Туған жердің көркеюі – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Бөрлі ауданында өткен ағаш отырғызу акциясы елді мекеннің экологиялық жағдайын жақсартуға, ауданның ажарын ашуға және табиғатты қорғау мәдениетін дамытуға бағытталған игі істердің жалғасы болды.

 Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале