20.10.2026, 9:00
Оқылды: 6

Батыс Қазақстан облысында «Атырау – Орал» автожолының 60 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» автомобиль жолының 432–492 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жөнделіп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайды.

5382217522750364901

Жоба аясында 60 шақырым жолда ескі жабын жонылып, ірі түйіршікті асфальтбетон жабыны төселді. Сонымен қатар 51 шақырым учаскеде ұсақ түйіршікті асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары орындалды. Бұдан бөлек, 31 шақырым жолдың жиегі нығайтылды.

Жөндеу жұмыстарына 23 бірлік арнайы техника жұмылдырылған және нысанда 39 маман еңбек етуде.

Жобаны іске асыру жол жабынының сапасын жақсартуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол қозғалысына қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Дереккөз: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале