20.10.2026, 16:45
Оқылды: 9

Теректі ауданында ақын Дәурен Шамұратовпен шығармашылық кездесу өтті

Теректі ауданы Ақжайық ауылындағы Әдебиетшілер үйінде ақын Дәурен Шамұратовтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

WhatsApp Image 2026-10-20 at 17.49.36 (3)

Рухани шараға ауыл әкімінің міндетін атқарушы Айбек Әбілқалым, Теректі мәдени-демалыс орталығының директоры Арман Сағидоллин қатысып, ардагер ұстаздар - Ғазиза Рахметқызы мен Мәруа Атамбозқызы арнайы шақырылды.

Кеш барысында ақынның әсерлі өлеңдері оқылып, Райымбек Өтепов пен Елжас Мағзом ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шарада Арман Рахметоллаұлы сөз сөйлеп, кеш иесіне ізгі лебізін білдірді. Ардагер ұстаздарымыз Ғазиза Рахметқызы мен Мәруа Атамбозқызы да сөз тізгінін алып, жүрекжарды тілектерін жеткізіп, кеш мазмұнын аша түсті.

Шығармашылық отырыс аясында Дәурен Шамұратовқа ауыл әкімінің алғысхаты табысталды. Сонымен қатар ақын оқушыларға өз кітаптарын сыйлап, жас ұрпаққа рухани тарту жасады.

WhatsApp Image 2026-10-20 at 17.49.36 (2)

Әдеби жүздесу өлең мен әннің үндестігін сезіндіріп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Осындай тағылымды кездесулер ұлттық әдебиетімізді дәріптеп, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыра түспек.

Дамир Мурадимов,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале