20.10.2026, 11:45
Оқылды: 7

Оралда сумен қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды сатып алу барысында бюджет қаражатын жымқырудың жолы кесілді

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Батыс Су Арнасы» ЖШС-мен ауыз суды залалсыздандыруға арналған жабдықтарды жеткізу және орнату бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында бюджет қаражатын жымқыруға оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

IMG-20230714-WA0298-e1689359884709

Сот-тауартану сараптамасының нәтижелеріне сәйкес жабдық құнының нарықтық бағадан жоғарлату сомасы 421 млн теңгені құрады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Лауазымды тұлғаларды ұстап алу жүргізілмеді.
Сондай-ақ жоғарыда аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру «Батыс Су Арнасы» ЖШС-нің негізгі қызметіне, оның ішінде жұмыскерлердің жалақысын кешіктіруге әсер етпейтінін хабарлаймыз.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

БҚО бойынша ЭТТД

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале