21.10.2026, 12:00
Оқылды: 13

Қаратөбе ауданының әкімі Егіндікөл ауылының тұрғындарымен кездесті

Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылдық округінде 9 айда атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің және округ әкімі Зейнолла Қалиевтің ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті.

1001039139

Есептік кездесуде баяндама жасаған ауыл әкімі Зейнолла Қалиев округтегі барлық сала бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады:
– «Ауыл Аманаты» бағдарламасына аясында «ZHUBANYSH AMIRE» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 34 млн теңге жеңілдетілген несие алып, бүгінгі күні 2  трактор және  1 кун, 1 пресс сатып алды.
Ауыл шаруашылық құрылымдары ауыл тұрғындарына арзан бағада мал азығын дайындап, өз шаруашылығын жүргізіп келеді. Бүгінде 4 адам жұмыспен қамтылып отыр.
«Бақыт» шаруа қожалығы  «Аграрлық несие корпорациясы» (21 млн теңге) арқылы 1 бірлік трактор сатып алды. «ТМЕ ТРЕЙД» ЖШС 650 млн (Жігерлен қыстағынан 2 үлкен қора жай, тұрғын үй салынды). «Мөлдір – А» ШҚ 110 млн (Учетный талон алды). Бүгінгі күнге дейін жалпы құны – 781 млн инвестиция тартылды.
Жалпы аталған бағыттағы жұмыстарды жүргіземін деген ауыл тұрғындарына жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз.  Қазіргі таңда кәсібін ашып, ісің жүргіземін деген әрбір адамға үкімет тарапынан керемет қолдаулар мен мүмкіндіктер бар,- деп инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Кездесу барысында аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңірек тоқталды.
– 2025-2026 жылдары «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырмасымен «БҚО Бөрлі, Шыңғырлау және Қаратөбе аудандарының әуе желілері-10 квольт, әуе желілер-0,4 квольт және трансформатор қосалқы станциясы-10/0,4 квольт желілерін қайта жаңғырту, оның ішінде Қаратөбе ауданы бойынша 10 квольт- әуе желілері – 55 шақырым, 0,4 квольт-әуе желілері–33 шақырым. Барлығы – 88,6 шақырым әуе желілеріне құрылыс-монтаждау жұмыстары жүзеге асырылуда.
Жоба аясында 0,4 квольт электр желілер бойынша Егіндікөл, Қоскөл, Соналы, Сулыкөл, Жусандой ауылдарында тіректер толықтай орнатылып, әуе желілеріне монтаждау жұмыстары жүргізілді.

1001039128
Сонымен қатар, Қаратөбе, Егіндікөл, Сулыкөл, Жусандой, Саралжын, Соналы, Шөптікөл, Ақтай, Қоскөл, Аққозы ауылдарының әуе желілеріне қайта құру жұмыстары жүргізілуде, жыл соңында аяқталады. Электр желілері қондырғыларын жәй және күрделі жөндеулерден өткізу үшін 14 млн теңге қаражат қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 8,6 шақырымды құрайтын 10 квольт әуе желісіне, 132 дана бағанаға және жалпы ұзындығы 7,79 шақырымды құрайтын 0,4 квольт әуе желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді,- деген аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев энергетика саласымен қатар басқа саладағы оң өзгерістерге де  тоқталды.
Есептік кездесуде сөз алған ауыл тұрғыны Бауыржан Тойшыбаев өткен есептік жиындарда айтылған мәселелер біртіндеп шешіліп жатырғанын айтып, ауылға дәрігерлік амбулатория жаңадан салынса деген ұсынысын жеткізді.

1001039176
Жиын соңында аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

                          Серікбай Жәлелұлы,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале