Бүгін облыс орталығында облыс әкімінің міндетін атқарушы Тілепберген Қаюповтың қатысуымен өткен салтанатты шарада ауданымыздың азаматтарына да құрмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен аудандық мәслихат төрағасы қызметін атқарған, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Сәрсенбай Молдашев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталса, Тереңкөл ветеринариялық стансасының ветеринары Бекболат Аяпов ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіне ие болды.

Бұл туған жердің өркендеуіне қызмет етіп, ел игілігі жолында адал еңбек еткен азаматтарға көрсетілген лайықты құрмет. Ал жоғары мемлекеттік наградалар табанды еңбектің, азаматтық жауапкершіліктің және кәсіби адалдықтың айқын бағасы болмақ.
Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Қазталов ауданы