Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев ауданның ветеринария саласында ұзақ жыл бойы еңбек еткен азаматтарды зейнеткерлікке шығуына байланысты қабылдап, олардың еселі еңбектеріне ризашылығын білдірді.

Құрмет төрінен орын алған азаматтар – Шыңғырлау аудандық ветеринариялық стансасының күзетшісі Айтжан Сапиев пен Ащысай ауылдық округі ветеринариялық дәрігері, ветеринариялық пункт меңгерушісі Қайрат Дильмагамбетов.
Кездесу барысында аудан әкімі азаматтардың жылдар бойы атқарған еңбектеріне тоқталып, ауданның ветеринария саласының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтты.
Аудан басшысы ардагер атанғалы отырған еңбек иелеріне алғысхат табыстап, иықтарына шапан жапты.
Өз кезегінде құрмет көрсетілген азаматтар білдірілген ықылас пен жылы лебізге ризашылықтарын білдірді.
С. Тыныс,
Шыңғырлау ауданы