25.10.2026, 12:00
Оқылды: 6

Бөрлі ауданында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

25 қазан — Республика күніне орай Бөрлі ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті.

InShot_20261025_120907251

Салтанатты шара Ғұбайдолла Жәңгіров атындағы саябақта ұйымдастырылды.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуді мақсат еткен шараға Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов, мемлекеттік мекеме ұжымдары, ішкі істер органдары өкілдері мен жастар қатысты.

Салтанатты сәтте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, көк байрағымыз биікте желбіреді. Шараның музыкалық бөлігінде ауданымыздың белгілі өнерпазы Айболат Какимов «Көк тудың желбірегені» әнін әуелетіп, көпшілікке рух сыйлады.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале