25.10.2026, 10:00
Оқылды: 5

БҚО әкімі батысқазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, облыс әкімі батысқазақстандықтарды ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтады.

InShot_20261025_093742109

Фото: facebook.com

​Құттықтауда 36 жыл бұрын қабылданған Мемлекеттік Егемендік туралы декларацияның маңызы атап өтіліп, ел Тәуелсіздігінің 35 жылдық межесінде атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, 2023 жылдан бері облыста тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында 132 әлеуметтік нысан жаңадан салынып, пайдалануға берілгені айтылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамалары мен Әділетті Қазақстан құндылықтары өңірдің өркендеуіне негіз болып отырғаны жеткізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале