27.10.2026, 22:30
Оқылды: 50

Оралда «Жасанды туған күн» қысқа метражды фильмінің тұсаукесері өтті

Орал қаласындағы City Center сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан кинотеатрда отандық киноиндустриядағы танымал режиссер Шыңғыс Әбдібектің және «Қаз Продакшн» ұжымының қатысуымен «Жасанды туған күн» атты қысқа метражды фильмнің салтанатты тұсаукесері өтті.

IMG-20261027-WA0215_edit_72565581158515

​Шығармашылық жолында «Бауыр» («Карточный долг») толық метражды фильмі, «Жалған жәннәт» туындысы, сондай-ақ «Біз» және «Алпыстан асып барамын» сияқты көп бөлімді телехикаяларымен танылған режиссер бұл жолы да көрерменге ерекше туынды тарту етті.

​Мерекелік шараның шымылдығын атқарушы продюсер Мадияр Мойдумханов жүргізді. Премьера қарсаңында киноға түскен өнерпаздар арнайы лимузинмен келіп, қызыл кілем үстімен жүріп өтті.

InShot_20261027_222712309

Автор Сержан Қошқаровтың бұл туындысында танымал қазақстандық актер әрі продюсер Ақболат Өтебаймен қатар батысқазақстандық өнер иелері – Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының актерлері: ҚР мәдениет саласының үздігі, Қырғызстан Театр қайраткерлері Одағының лауреаты Самал Абуов, ҚР мәдениет саласының үздігі, актриса Эльмира Мақашева, сондай-ақ Асылжан Жакин, Назгүл Батанова және Ақжол Ихсан өнер көрсетті. Кеш қонақтары мен көрермендер жаңа кинотуындыға сәттілік тілеп, ыстық ықылас білдірді.

InShot_20261027_222749494

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале