Алматы қаласында қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі Әміре Қашаубаевтың есімін ұлықтауға арналған республикалық байқау мәресіне жетті. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен өткен өнер додасына 22 орындаушы қатысып, ұлттық ән өнеріндегі шеберліктері мен орындаушылық ерекшеліктерін ортаға салды.

Байқауда Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясының әртісі, дәстүрлі әнші Жанарым Аманғалиева өнер көрсетіп, екі кезеңнен де сүрінбей өтіп, жүлделі III орынға ие болды. Бұл жетістік — әншінің кәсіби ізденісі мен табанды еңбегінің, халқымыздың асыл мұрасы — дәстүрлі ән өнеріне деген адалдығының жарқын көрінісі.
Айжан Бауыржанқызы,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі