Бөрлі ауданы әкімдігінің кіші залында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың “Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері” атты Жолдауын тыңдауға арналған жиын өтті. Жиынға ауданның мемлекеттік қызметшілері, бөлім басшылары мен мамандар қатысты.

Мемлекеттік қызметшілер Мемлекет басшысының ел дамуының басым бағыттары мен алдағы міндеттерге қатысты ой-пікірлерін тыңдап, жолдауда көтерілген мәселелерге назар аударды.

- Президент жолдауы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Онда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын, жауапкершілігін және халықпен тиімді байланысын талап етеді, - деді аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер үшін ел Президенті айқындаған міндеттерді басшылыққа алып, халықтың әл-ауқатын арттыруға және ауданның дамуына үлес қосу маңызды екені атап өтілді.

Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы
