29.10.2026, 16:15
Оқылды: 12

Тасқала ауданында киікті заңсыз атқан тұрғын сотталды

Тасқала ауданында заңсыз аңшылықпен айналысқан жергілікті тұрғын сот алдында жауап берді. Табиғатқа залал келтіргені үшін ол бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, мемлекетке ірі көлемде өтемақы төлейтін болды.

5411189447983832044

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы тиісті рұқсат қағаздарсыз 2026 жылдың мамыр айында жабайы аң-елікті даладан атып алған. Оның бұл заңсыз әрекетін дер кезінде «Охотзоопром» РМҚК инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп анықтап, қылмыстық іс қозғалған. Сот талқылауының нәтижесінде кінәлі азаматқа қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, мемлекеттік аңшылық қорғанысы мен экологияға келтірілген шығынды өтеу мақсатында, сотталған мемлекет пайдасына 1 621 875 теңге көлемінде материалдық залалдың орнын толтыратын болады.

Сот шешімі бойынша, оған шығынды өз еркімен төлеу үшін бір ай мерзім берілді. Егер бекітілген мерзім ішінде материалдық залал қайтарылмаса, өндіріп алу шаралары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылатын болады.
Жабайы табиғатты қорғау-әрбір азаматтың міндеті. Заңсыз аңшылықтың арты қылмыстық жауапкершілікке және ірі көлемдегі шығындарға әкеп соғатынын ескерген жөн.
Сот үкімі заңды күшіне енбеді.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале