Сырым ауданы Алғабас ауылында көпбалалы төрт отбасы жаңа үйлерінің кілтін қолдарына алды.

Әр баспананың жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды, ал бір үйдің құны – 17 миллион 820 мың теңге. Тұрғын үйлердің құрылысына жеке кәсіпкерлер Нұрбол Мұханғалиев пен Асхат Сейітқалиев өз үлестерін қосты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Республика күні қарсаңында өткен шарада баспана кілттері жаңа иелеріне табысталды.
Салтанатты сәтте аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов отбасыларды құттықтап, жаңа үйлердің кілтін табыстады. Алғабас ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбіл Бахтияров та ақжарма тілегін арнады.
Жаңа баспанаға ие болғандардың қатарында көпбалалы аналар Зүльфия Кубеева, Дамира Қажиева, Айдана Әбдірасілова және Айсұлу Тілеуішова бар.
Қоңдыкер Жеңісұлы
Сырым ауданы