29.10.2026, 17:45
Оқылды: 6

Сырым ауданында нотариаттық қызмет көрсету кеңсесі ашылды

Бүгін Сырым ауданында  жаңа кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанаты өтті.

Жалпы ауданы 194 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимарат алдағы уақытта кәсіпкерлер мен түрлі ұйымдарға арналған жұмыс кеңістігіне айналмақ. Қазір нысанның бірінші қабатында жұмыс басталған, ал екінші қабатын да кәсіпкерлік мақсатта пайдалану жоспарланған.

жаңа кеңсе есігін ашты 4

Ғимараттың бір бөлігінде нотариаттық қызмет көрсету кеңсесі орналасады. Бұл тұрғындарға құқықтық көмек алып, қажетті қызметтерді бір жерден алуына мүмкіндік береді.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Арман Гумаров құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде сөз қылды.

Сондай-ақ жеке кәсіпкер Талғат Оразов сөз сөйлеп, жаңа нысанның ашылуына қатысты өз ойын ортаға салды.

Жиынға жиналған қауым ғимаратты аралап, жаңа кеңсемен танысты.

Қ.Жеңісұлы,

"Жайық Пресс" 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале