Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Microsoft компаниясы Солтүстік Қазақстан облысының шалғайдағы елді мекен балаларына білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бірлескен жобаны іске асыруда. Ол біріктірілген сыныптардың проблемаларын шешу, ауыл мектептері мен шағын жинақты мектептерде білім беру сапасын арттыруға септігін тигізеді.
«Жобаны іске асыру ауыл мектептерінің білім алушыларына педагогтің қашықтығы мен біліктілігіне қарамастан пән мұғаліміне қол жеткізуге, басқа ауыл мектептерінің сыныптастарымен онлайн оқуға және оқудағы өз мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 25 мектептің 107 мұғалімі Microsoft өнімдерін пайдалану бойынша біліктілікті арттырудан өтті», – деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның президенті Мадина Тыныбаева.
Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Microsoft компаниясы арасында білім беруді цифрландыру саласында жасалған меморандум аясында жүзеге асырылуда. Шалғайдағы мектептерде сапалы білім беру – министрлік алға қойған басым бағыттардың бірі.
18:0025.09.2023
70 000-нан астам мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтері біліктіліктерін арттырды
11:4515.09.2023
40 мыңға жуық оқытушы кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан тегін өтті
17:3011.09.2023
Қазақстандық оқушылар тоғызқұмалақ ойынында рекорд орнатты
12:307.09.2023
Қазақстанда жаратылыстанушылардың IYNT-2023 халықаралық турнирі өтті
25.09.2023, 18:00
15.09.2023, 11:45
11.09.2023, 17:30
7.09.2023, 12:30