9.08.2026, 17:30
Оқылды: 37

25 тамыздан бастап Еңбек кодексіне киберқауіпсіздік талаптары енгізіледі

Tengri Life хабарлауынша, 2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес жұмыс орнында киберқауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жаңа міндет енгізіледі.

stocksnap-laptop-2562361_1920

Фото: pixabay.com

Бұл өзгерістер цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу туралы заң аясында қабылданған. Еңбек кодексінің 22-бабына енгізілген жаңа нормаға сәйкес, қызметкерлер енді еңбек пен өрт қауіпсіздігінен бөлек, жұмыс берушінің цифрлық жүйелер мен корпоративтік сервистерді қауіпсіз пайдалану және ақпаратты қорғау бойынша ішкі ережелерін орындауға міндеттеледі.

​Өз кезегінде жұмыс берушілер ұйымның ішкі құжаттарын тексеріп, киберқауіпсіздік бойынша тиісті актілерді әзірлеуге немесе жаңартуға, қызметкерлерді олармен ресми түрде таныстыруға және ережелердің орындалуына ішкі бақылау жүргізуге тиіс. Бұл ретте заңда киберқауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін арнайы жаңа айыппұлдар немесе жауапкершіліктің бөлек түрлері қарастырылмаған, бұзушылықтар қолданыстағы заңнама нормалары аясында реттеледі.

Жаңа ережелер заң ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң, яғни 2026 жылғы 25 тамыздан бастап өз күшіне енеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале