25.07.2025, 15:30
Оқылды: 88

250 мың адам жұмыспен қамтылды: жылдық жоспардың 55%-ы орындалды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметовтің айтуынша, жұмысқа орналасқан адамдарды есепке алу тәсілі қайта қаралды.

1cfba798-23ff-43c6-9ee9-3996f06950f7

Сурет: telegram.org

Енді жұмысқа орналасқандардың есебіне тек міндетті зейнетақы жарналары бар азаматтар ғана алынады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ел бойынша 250 мың адам жұмысқа орналасып, жылдық жоспардың орындалу көрсеткіші 55% пайыздан артты. Сонымен қатар, спикер азаматтарды жұмысқа орналастыру бағыттарына да тоқталды.
«4,6 мың адам мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде 66 мыңнан астам адам жұмыс берушілер электрондық еңбек биржасына орналастырған бос жұмыс орындарына, 63 мың адам Мемлекет басшысының «10 мың адамға шаққанда 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы аясында, 116 мың адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде жұмысқа орналасқан», - деді еңбек вице-министрі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале