Министдің сөзінше, көлік және темір жол салаларындағы 26 компания мемлекеттің меншігіне өтеді.
"Мемлекет меншігіне мүліктер сыйға тарту негізінде өтеді, бюджеттен ешқандай шығын болмайды", – деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Сонымен қатар телекоммуникация, темір жол, экология мен қонақүй бизнесі саласындағы АҚ мен ЖШС үлесі, акция пакеттері, нысандар мен жылжымайтын мүлік, қаржы мемлекет меншігіне берілген.