24.07.2024, 15:45
Оқылды: 889

30 млрд теңге бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуына жол берілмеді – Антикор

Агенттік құзыреті шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарлы бағаларын көтеру тұрғысынан мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуына мониторингті жүзеге асырады. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

ЖП ақша

Қазіргі сәтте жалпы сомасы 30 млрд теңгеге бағаның көтерілуіне жол берілмеді. Жоба басталғаннан бері, шамамен, 171 млрд теңге үнемделді (2020 ж. бастап).

Негізінен, әртүрлі деңгейдегі әкімдіктер түрлі техника мен жабдықтарды, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын сатып алу кезінде бағаның көтерілуіне жол берді.

Мәселен, Көкшетау қаласында Құрылыс бөлімі 1,1 млрд теңгеге қосалқы трансформатор станциясын сатып алуды жоспарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымынан кейін, баға 896 млн теңгеге дейін төмендетілді.

БҚО-да «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты өрт сөндіру (95 млн) және жүк-жолаушылар автомашиналарын (әрқайсысы 26 млн) 174 млн теңгеге сатып алуды көздеді, олардың нақты құны 40%-ға төмен (тиісінше 69 млн және 18 млн теңге). Автокөліктердің бағасы қайта қаралды, үнемделген сома – 50 млн теңге.

Павлодар облысында Ақсу қ. Құрылыс бөлімі жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге 9 қабатты көп пәтерлі екі тұрғын үй салуды жоспарлады. Бұл ретте, 2023 жылы қарашада ұқсас құрылым 1,1 млрд теңгеге тұрғызылды. Бағаны қайта қарау нәтижелері бойынша құрылыстың жалпы құны 2 млрд теңгеге дейін төмендетілді. 1,7 млрд теңгеге жоғарылтуға жол берілмеді.

Алматы қ. Білім басқармасы 25 қалалық мектеп үшін 1,9 млрд теңгеге ас үй жабдықтарын жаңғырту бойынша көрсетілетін қызметтерді жоспарлады (бірлігінің бағасы 70-тен 79 млн теңгеге дейін, нарықтық құны 20 млн теңгені құрайды). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымынан кейін 23 мектеп бойынша сатып алу тоқтатылды, екі мектеп бойынша сатып алу нарықтық құны бойынша өткізілетін болады. Қалалық мәслихаттың шешімінен кейін 1,8 млрд теңге мөлшеріндегі қалған сома бюджетке қайтарылатын болады.

Мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда.

Телеарналарға арналған сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/87Bf-NKcqKRoqg

__ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмері арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале