Сырым ауданында 31 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған бухгалтер сотталды.
inform.kz
БҚО сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Сырым аудандық сотының үкімімен аудандық білім бөлімінің бухгалтері Ақкенже Кушаева ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылды. А.Кушаева мүлкін тәркілеусіз 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына үкім шығарылды. Алайда оның кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлімі бойынша тағайындалған жазаны өтеу мерзімі бес жылға кейінге шегерілді. Сот үкімі күшіне енген жоқ.
Сонымен қатар А.Кушаева мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік ұйымдарда, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда қаржылық қызметпен және материалдық жауапкершілікпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Өз тілшіміз.