18.07.2024, 20:00
Оқылды: 213

БҚО-да «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша 19 және 20 шілде күндері облыс көлемінде «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді.

полиция жп
Акцияның мақсаты – автокөліктерді тіркеу, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру мәселелерін түсіндіру болып табылады.
Полиция қызметкерлері «Жолда қабылдау» акциясы кезінде азаматтарды Орал қаласы Жәңгір хан көшесі, 160-үй мекенжайы бойынша орналасқан Халыққа қызмет ету орталығында (автоцон) 19 шілде күні сағат 09:00-18:00 және 20 шілде күні сағат 09:00-13:00 аралығында қабылдайды.
Азаматтар алдын ала жазылусыз келіп, толғандыратын сұрақтарымен жүгініп, жауап алуларына болады.
Бұл акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және полицияға деген сенім деңгейін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале