6.10.2024, 16:05
Оқылды: 106

Оралдық сұлулар референдумда дауыс берді

Бүгін Орал аруы атанған Алма Хабулова, Ақжайық аруы – Алинур Нұржан және I Орал Вице мисс аруы жеңімпазы – София Габдуллина өз дауыстарын беру үшін «Жайық самалы» ғимаратында орналасқан № 321 референдум учаскесіне келді.

WhatsApp Image 2024-10-06 at 15.33.14

Референдумға қыздар ұлттық киімдерімен, бастарына тәж және кеуделеріне лентамен келді.
Қыздар дауыс беру кабинасынан бюллетень жәшігіне дейін сап түзеп жүріп өтті. Жақында ғана өткен сұлулық байқауынан орын алған олар енді республикалық байқауға қызу дайындық үстінде.

– Сұлулық байқаулары бұрынғыдай сыртқы сұлулыққа ғана қарамайды. Қазір байқауға қатысушылардың сыртқы сұлулығымен қатар ішкі сұлулығы, білім-білігі, танымдық көзқарасына басымдық беріледі. Жеңімпаз ретінде біз өлкеміздің сұлулығын ғана емес, өңір жастардың көзқарасын жан-жақтылығын, интелектісін бейнелеуіміз керек. Біз референдумда дауыс беруді бірінші кезекте әрбір азаматтың құқығы деп санаймыз», - дейді қыздар.
Айта кетейік, Қазақстан аруы сұлулық байқауы қараша айында өтеді. Оған Орал қаласының арулары қатысады.

БҚО-да дауыс беру жалғасуда. Сайлау учаскелеріне келушілердің саны қазірдің өзінде 50%-дан асты. Сондықтан референдум ресми түрде өтті деп санауға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале