12.12.2024, 14:45
Оқылды: 202

Әмір Омарханов және Заңғар Нұрланұлы Аustralian Оpen турнирінде өнер көрсетеді

2025 жылғы 18-25 қаңтар аралығында теннистен жасөспірімдер арасында өтетін Australian Open турниріне арналған өтінімдер қабылдау тізімі жарияланды.

IMG_4865

Сурет: Olympic.kz

Жарыстың негізгі кезеңіне екі қазақстандық спортшы қатысады: ITF жасөспірімдер рейтингінде әлемнің 16-ракеткасы саналатын Әмір Омарханов және жасөспірімдер арасындағы рейтингтің 73-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы.

Заңғар үшін бұл мансабындағы осындай деңгейдегі алғашқы турнир болмақ. Ал Әмір өткен жылы Australian Open турнирінің ширек финалына дейін жеткен.

Дереккөз: Федерацияның баспасөз қызметі / Olympic.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале