26.12.2024, 11:45
Оқылды: 3692

Алексей Чуркин әлем біріншілігіндегі сәтті өнерінен кейін Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

IMG_6375

Сурет: Olympic.kz

Чуркин жарыста 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келі көтерді.

Екінші орынды ирандық Илия Салехипур еншіледі – 356 (161+195) келі, ал қола медальді тағы бір ирандық Аббаспур Алиреза жеңіп алды – 355 (159+196) келі.

Айта кетейік, жақында Манама қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Алексей Чуркин күміс жүлдеге ие болған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале