22.11.2023, 9:16
Оқылды: 38

3,6 млрд теңге залал: қаржы пирамидасының басшысы үш жылдан кейін Грузияда ұсталды

Қаржы пирамидасын құрып, халықтың 3,6 млрд теңгесін қалтасына басқан Қазақстан азаматы үш жыл іздестіру жұмыстарынан кейін Грузияда ұсталды. Кazinform бұл туралы ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

акша

«Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдіктіні – Қазақстан азаматын ұстады.

Ол қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық етті деп айыпталуда. Келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астамды құрайды.

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші бар», - делінген мәліметте.

Ұсталған күдіктіні елге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале