14.04.2025, 17:20
Оқылды: 76

Оралдық желаяқ алдына жан салмады

Ресей Федерациясының Самара қаласында "Самарский космический полумарафон" атты желаяқтар жарысы өтті.

afd3655c-4fa4-4543-9d29-dd61100aaa7d

14 ел, солтүстік көршіміздің 230 қаласы мен РФ-ның құрамына кіретін 73 ел спортшысы қатысқан додада оралдық Руслан Әбішев екі медаль жеңіп алды.
Алдымен 5 шақырымдық жарыста сынға түскен Руслан екінші орыннан көрінді.
6e8ade53-5485-4355-b2d7-011719397fd0 Одан соң "Самарская миля" аталатын ұшқырлар додасына шыққан оралдық желаяқ алдына жан салмай, алтын жүлде еншіледі.
- Әр жеңіс шелектеп төккен маңдай тер мен көп еңбектің жемісі. Жеңісімді қазақ еліне арнаймын. Алда өтетін басқа додаларда да намысты қолдан берпеуге тырысамын,-деді Руслан.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале