29.08.2024, 10:15
Оқылды: 113

39 миллиард теңгеден астам қаражат заңсыз жұмсалған – аудит

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

B1265E89-C422-4BA6-A884-797573713FEF

Сурет: Ақорда

Әлихан Смайылов:

Жоғары аудиторлық палатаның биылғы II тоқсандағы жұмысының қорытындыларын таныстырды:

      – теміржолға баса назар аудара отырып, көлік саласына, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген;

      – жалпы сомасы 2,9 триллион теңгеден астам қаржыны құрайтын 73 нысан тексерілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталған;

  • кемшіліктерді жою үшін көлік саласын дамыту, бюджеттік-инвестициялық жобаларды іске асыру, отандық фармацевтика өнімдерін өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау тетігін қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірленгенін айтты;
  • мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстар топтамасын таныстырды;
  • биыл екінші жартыжылдықта жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы баяндады. Тексеру жұмыстары Назарбаев Университеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметін, сот жүйесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы, өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы жекелеген бағыттарды қамтиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуын мүлтіксіз бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ жалпы мемлекеттік аудит жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыруға ерекше мән беру керек екенін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале