20.01.2017, 11:22
Оқылды: 52

Ұрылар ұсталды

Yrilar ystaldi  Қаңтардың 17 күні белгісіз біреу қаладағы сауда үйлерінің бірінен құны 10 990 теңге тұратын әйелдер аяқ киімін ақша төлемей-ақ алып кетпекші болған жерінде ұсталса, енді біреу қаладағы көп дүкендердің бірінде қораптағы «Мэрси» шоколадын дүкеннің кассасынан білдіртпей алып өтпекші болған жерінен қолға түсті.


  Қаңтардың 14 күні мини-маркеттің терезесін сындырып кіріп, 14 бөтелке ішімдік, 4 дана ыдыстағы тұздалған балық ұрлап кеткен. Қолданылған жедел-іздестіру тобы 26 және 20 жасар жігіттерді анықтап, қолға түсірді.

  Жоғарыда аталған фактілер ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қаралып, тергеу жұмыстары жүргізілетін болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале