2.08.2023, 12:00
Оқылды: 23

410 қазақстандық колледжге 500-ге жуық кәсіпорын шефтік қамқоршылық көрсетеді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі 410 колледжді 500-ге жуық кәсіпорынның шефтік қамқорлыққа алуы бойынша жұмыс жүргізді. 

msg-1309508988-6586

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінен
Шефтік қамқорлық көрсететін кәсіпорындар колледждердің қорғаншылық және өндірістік кеңестеріне енді, олар педагогтердің кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтуіне, колледждердің лабораторияларын жабдықтауға қолдау білдіреді. Сондай-ақ студенттердің әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігімен кәсіби және өндірістік тәжірибеден өтуі ұйымдастырылады.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 300 мыңнан астам студент кәсіби тәжірибемен қамтылған, 5 мыңнан астам педагог шефтік көрсететін кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждерде шефтік кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім бағдарламалары жаңартылды.Еске салайық, биылғы жылы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына 10 мыңнан астам студент мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша міндетті жұмысқа орналастыру тәртібімен оқуға қабылданады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале