6.04.2026, 15:15
Оқылды: 9

Батыс Қазақстан облысы аумағында санитарлық-экологиялық айлық жарияланды

55ab0462-e682-4d22-98ac-8cdc4e4300b5

Көктем мезгілінің басталуымен өңірде экологиялық жағдайды жақсарту, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласы мен облыстың барлық аудандарында санитарлық-экологиялық айлық жарияланды. Аталған жұмыстар "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылуда.

6003928f-aed6-428b-9e81-a13ab927063a

Айлық барысында елді мекендерді санитарлық тазалау, аумақтарды абаттандыру, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын ретке келтіру, су көздерін тазарту және көгалдандыру бағытында ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, алдағы сенбіліктер аясында жаппай көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, ағаш отырғызу және жасыл желектерді көбейтуге ерекше назар аударылатын болады.

0406f830-0826-44f7-9dcd-11af4b254620

Облыс көлемінде 3 сәуір күні өткен «Таза өлке» акциясы аясында 11 416 адам белсенділік танытып, 203 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 479 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

Орал қаласы бойынша негізгі сенбілік Жұлдыз шағын ауданында өтті. Тазалық жұмыстары барысында жеке тұрғын үйлер орналасқан көшелер мен орман жолақтарындағы тұрмыстық қалдықтар тазартылып, аумақтар ретке келтірілді.

Осыған орай, облыс тұрғындарын "Таза Қазақстан" акциясы аясында өтетін барлық тазалық іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз. Әрбір азамат туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосып, қоршаған ортаны қорғауға атсалысуы тиіс. Тазалық – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Көктемгі санитарлық-экологиялық айлық – табиғатты аялауға бағытталған маңызды бастама. Таза әрі көрікті өңір – өз қолымызда.

Фариза Сұлташева,

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале