5.06.2024, 16:15
Оқылды: 48

«45 мың қол жиналды». Вице-премьер бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы айтты

Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуін өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

60339418-B3F4-4BCF-A673-A2CD682C5907

Фото: El.kz / Арман Мухатов

«Петиция 50 мың дауыс жинаған кезде біз арнайы жұмыс тобын құрамыз. Мемлекеттік органдармен, сарапшылармен бірлесіп қарастыратын боламыз», - деді Жұманғарин. БАҚ өкілі «уақыт белдеуінің өзгеруі шын мәнінде мүмкін бе?» деп нақтылады.

Ең алдымен петицияның 50 мың дауыс жинағанын күтейік. Сол кезде жұмысты бастаймыз, - деп түсіндірді вице-премьер.

Айта кетейік, Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петицияға 45 мыңнан астам қол жиналды. 50 мың дауыс жиналса, Үкімет ны қарауы керек.

2024 жылдың 22 сәуірде мемлекеттік Epetition.kz сайтында «уақыт белдеуін қайтару» туралы петиция пайда болды. 1,5 айда оған 45 644 адам қол қойған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале