27.06.2017, 23:14
Оқылды: 48

Танымал журналист Жарқын Түсіпбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

tagayindau   Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып Жарқын Жұмаділов тағайындалды. Бұған дейін БҚО әкімі аппаратының баспасөз-хатшысы қызметін атқарған Ж.Жұмаділов жаңа қызметінде ақпараттық саясат бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.kz.


    Ж.Жұмаділов мемлекеттік қызметке келместен бұрын ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сарапшы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы зерттеу институтының ақпараттық мониторинг бөліміне басшылық жасады.

      Саяси ғылымдар магистрі әр жылдары республикалық газеттерде, Қазақ радиосында саяси шолушы болған. «Қазақстан» телерадио корпорациясында шеф-редакторлық және республикалық интернет сайттарда бас редакторлық қызметтер атқарған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале