«Қазақтың темір ханшайымы» атанған жерлесіміз Әнел Сытдықова АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Гудзон өзенін 9 сағат 24 минутта тоқтамастан жүзіп өтті.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілінің мәліметінше, Әнел Әлібекқызы Манхэттен аралының айналасында 28,5 миль (48,5 шақырым) қашықтықты тоқтамастан жүзіп өткен. Манхэттенде үш өзен арқылы жүзеді. Олар – Нью-Йорк айлағын Лонг-Айленд бұғазымен байланыстыратын Ист-Ривер өзені, 15 көпірді кесіп өтетін Гарлем өзені және құдіретті Гудзон өзені.
Осыдан үш жыл бұрын батысқазақстандық Әнел Сытдықова Ла-Маншты (38 шақырым) 15 сағат 15 минутта жүзіп өткен еді.
Айна Имашева,
zhaikpress.kz