Кеше сағат 22.40 шамасында Орал қ. Құрманғазы көшесінің бойында 1987 ж. т. жүргізуші "Лада приора" маркалы автокөлікті басқара отырып, белгіленбеген жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Фото дереккөзі: inform.kz
Апат салдарынан 51 жастағы жаяу жүргінші жансақтау бөлімінде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
БҚО Полиция департаментінің
баспасөз қызметі