29.08.2023, 17:15
Оқылды: 28

55 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде бастайды

2023 жылдың соңына дейін 132 мың оқушы орнын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 55 мың орын 1-қыркүйекте ашылады.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

94b0811abbd07934295def1f037f8670_1280x720
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу үшін 132 мың орындық 154 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ, жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен 30 мың орындық тағы 26 мектеп ашылады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Сонымен қатар келесі жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 461 мың орындық 217 мектеп пайдалануға беріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале