17.11.2023, 17:45
Оқылды: 71

641 мыңға жуық адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

1 қарашадағы мәліметке сүйенсек, 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 640,7 мың адам қатысқан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 449,9 мың адам жұмысқа орналасса, оның 260,4 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан.

жп астана (3)

Субсидияланатын жұмыс орындарына 189,5 мың адам орналастырылған.

Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 17,2 мың адам, жастар практикасымен 30,4 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 118,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 8,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 442 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 14,5 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 42,3 мың жұмыссыз қамтылып оның ішінде 38,5 мыңы оқуды аяқтаған.

Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 127,9 мың адам қамтылды, оның ішінде 95,8 мың адам оқуды аяқтап, сертификат алған.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 126,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 9102 грант берілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале