18.03.2024, 11:45
Оқылды: 125

660 мыңнан астам қазақстандық жалған көмек сұраушыларға ақша аударған

Бұл туралы ҚМА алаңында Дмитрий Малаховтың төрағалығымен өткен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың алдын алу және терроризмді қаржыландыру мен жаппай қырып-жою қаруын тарату мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы барысында белгілі болды, деп жазады қаржы мониторингінің баспасөз қызметі.

Түрлі күмәнді мақсатқа ақша жинауға 138 банктік карта тартылған.

38ebc36a-dd3b-45f9-aa61-b85408394d5e

Фото: fm_rk

Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жолдаған.

Жалпы жиналған қаржы 6 млрд теңге болған. Оның 33% (2 млрд) алаяқтық арқылы жиналған.

ҚМА басшысы Д. Малахов жосықсыз азаматтар «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін қайырымдылық қызметі мен көмек көрсету түріндегі қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атап өтті.

Зиянкестер ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды.

Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, «жалған» мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін.

Отырысқа қатысушылар – АХҚО, қаржы реттеушілері және екінші деңгейлі банктердің өкілдері - краудфандингтік қызметті реттеу бойынша заңнамалық шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале