5.12.2022, 17:30
Оқылды: 49

7-20-25 ипотекасының шекті сомасын өзгерту жоспарда жоқ — Ұлттық банк басшысы

ҚР Ұлттық банкінің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін ипотеканың шекті сомасы өзгермейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

изображение_2022-12-05_163835

Сенаттың үкімет сағатында депутаттар «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін ипотеканың шекті сомасын көтеруді ұсынған болатын. БАҚ өкілдері осы ұсыныс туралы Ұлттық банктің ұстанымын сұрады.

«Ол ұсыныстарға келсек, әзірге бағдарламаның шарттарын өзгерту туралы жоспар жоқ. Соның ішінде ипотека сомасының шекті мөлшерін Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент сияқты өзге де қалалар үшін белгіленген деңгейден көтеру жоспарланып отырған жоқ», — деді Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені көтерудің себептеріне арналған брифингіде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале