7.06.2024, 9:45
Оқылды: 44

7 маусым – ​Монополияға қарсы құрылым қызметкерлері күні

Адал бәсекелестік алға жетелейді

Қазақстанның монополияға қарсы саясатының даму тарихы тереңде жатыр. 1991 жылғы 7 маусымда Қазақ КСРО Президентінің Жарлығымен еліміздің алғашқы монополияға қарсы ведомствосы Қазақ КСР Мемлекеттік комитеті құрылды.

5D6AEDBA-5F06-4D48-9A78-10DDAA7F858E

Жаңа ведомствоға «Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақ КСР Заңын тиімді іске асыру міндет-миссиясы жүктелді. Бірқатар қайта құрудан кейін 1994 жылы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті Баға жөніндегі комитетпен бірігу жолымен қайта ұйымдастырылды және ұзақ уақыт бойы Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет болып жұмыс істеді. 1994-1999 жылдары республикада экономикалық дамудың бірнеше жалпымемлекеттік бағдарламалары, оның ішінде «Үкіметтің реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы» қабылданды. Бағдарлама аясында монополияға қарсы қызмет және бәсекелестік саясат саласында сауданы монополиясыздандыруға, жүк тасымалдауға, сыртқы саудаға бағытталған бірқатар шараны жүзеге асыру жоспарланды. Осылайша Үкімет бәсекелес ортаны дамыту және монополистік қызметті шектеу жөніндегі шаралар кешенін одан әрі дамытудыкөздеді.

Бірнеше қайта құрудан кейін 2003 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі ел Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік құрылым болып қайта құрылды. Құрамына Статистика агенттігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі кірген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі құрылған 2014 жыл бәсекелестік саясатты белсенді дамытудың айқындаушы жыл болды. 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президентке тікелей есеп беретін жаңа Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды. Жаңа агенттіктің негізгі міндетібәсекелес ортаны құру. Бұл экономиканы мемлекет иелігінен алуды, бәсекелестік алаңды өзгертуді, баршакәсіпкер үшін тең мүмкіндіктер жасауды, нарықтарды монополияландыруды тоқтатуды білдіреді.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №417 Жарлығымен құрылған.Агенттік бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік құрылым. Мемлекеттік құрылымның миссиясы бәсекелестікті қорғау және дамыту, монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу жолымен нарық субъектілеріне тең жағдайлар жасау. Жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында монополияға қарсы құрылым бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу шараларын атқарады. Заң аясында кәсіпкерліктің белсенділігін арттырудың, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың маңызды тетіктері енгізілген. Кәсіпкерлермен   адал бәсекелестік саясат және ережелерді көздейтін комплаенс жасақталады, нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді.

3915C2AF-8B16-48E6-87B2-7462E84E673B

​​Монополияға қарсы құрылымның қызметкерлері бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, мемлекетті ілгерілету мүдделерін басшылыққа ала отырып, Қазақстандағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарығында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың маңызды міндеттерін орындайды. Бүгінде еліміздің монополияға қарсы құрылымдары нарық қатысушыларына монополиялар инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, бәсекелестік жағдайларын жасайды. Заңнамалық деңгейде де, монополияға қарсы қызметкердің күнделікті қызметі аясында да жүргізілген жұмыс ауқымының өз нәтижелері болады. Нарықтарға ықпал етудің өркениетті күрес жолындағы монополияға қарсы құрылым қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің гүлденуі жолындағы еңбектеріне табыс тілеймін.

Салауат Уахитов,

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіБҚО бойынша департаментінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале