8.02.2022, 9:10
Оқылды: 61

7,4 мыңнан астам қазақстандық skills.enbek.kz платформасында оқудан өтті

Өткен жылдың шілде айында skills.enbek.kz онлайн режимде кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 7,4 мыңнан астам азамат, оның ішінде 5,4 мың жұмыссыз курстан өткені туралы сертификат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211124164644842e

Аталған платформада 13,4 мың қазақстандық тіркелді. Бұл ретте 5,4 мың жұмыссыз азаматтың 2,3 мыңы – негізінен Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау және Ақтөбе облыстарының жастары. Авторлар іске қосылған сәттен бастап платформада әртүрлі бағыттар бойынша 100-ден астам курс жарияланды, олардың 58-і – тегін.

Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін. 2021 жылы «Персоналды басқару», «Сүтті ірі қара өсіру», «Кассир», «Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі және дайындалу технологиясы» курстары сұранысқа ие болды.

«Биылдың қаңтар айында біз тіркелген 649 пайдаланушы мен сертификат алған 110 білім алушыны алдық. Сонымен қатар, жұмыссыз адамдарды мемлекеттік қолдау аясында осы жылы біз 20 мың адамды онлайн режимде кәсіби оқытумен қамтуды жоспарлап отырмыз», – деді «ЕРДО» АҚ президенті Дәулет Арғандықов.

skills.enbek.kz платформасы жалпы ел халқының білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған.

«Платформа маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылды. Онда кез-келген адам оқи алады және оқу нәтижелері бойынша дағдыларды игеру туралы сертификат ала алады», – дейді «ЕРДО» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.

Оқуға тікелей https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz электрондық еңбек биржасында «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы өтуге болады. Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқынын, оқыту тілін және материалды берудің ыңғайлы қағидатын өз бетінше таңдайды. Оқу процесінде білім алушы өзінің оқу жетістіктерінің прогресін бақылай алады. Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау. Бұл сертификат enbek.kz электрондық еңбек биржасында тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі.

Бос жұмыс орындарын іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші skills.enbek.kz-те сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көретін болады. Онлайн курстарды жасаушылар платформада автор ретінде тіркеле алады. Авторлар мен әзірлеушілер үшін платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстарды құруға арналған құралдарды қолдану өте оңай. Ұсынылатын онлайн курстардың ұзақтығы 6-дан 144 сағатқа дейін. Курстарда ақпаратты ұсынудың әртүрлі форматтары болуы тиіс: мәтін, презентациялар, бейне және аудиоматериалдар, инфографика және басқа да түрлері.

Сондай-ақ курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы мүмкін. Платформа ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін ұсынады.

skills.enbek.kz платформасында тіркелу және жұмыс істеу бойынша барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен төмендегі нөмірлер бойынша байланысуға болады: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878).

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале