1.06.2023, 18:00
Оқылды: 51

8 қалада аутизм диагнозы бар балаларға арналған күндізгі орталықтар ашылады

Еліміздің 8 қаласында аутизм спектрі бұзылған және басқа да писхикалық ауытқуы бар балаларға арналған күндізгі орталықтар ашылады. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

67892fc9-b369-497c-8e4e-b2e48a0485bb

«Қамқорлық бастамасының аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен аутизм спектрі бұзылған және басқа да психикалық ауытқуы бар балаларға арнап 8 күндізгі оңалту орталығын ашу жоспарланған. Олар Ақтөбе, Жетісу, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Қостанай, Павлодар, Астана, Шымкент қалаларында бой көтереді», - деді ол.

Айтуынша, қазірдің өзінде жоспардың бір бөлігі орындалған.

«Биыл сәуірде Шымкент пен Павлодарда осындай орталықтардың ресми ашылуы өтті. Талдықорған қаласында кеше ашылды. Бүгін осындай орталық Өскемен қаласында жұмысын бастады», - деді Назгүл Сағындықова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале