29.12.2022, 12:16
Оқылды: 39

8-сынып оқушысының жүктілігіне қатысты Жетісу облысының аудан әкімдігі түсінік берді

Жетісу облысы Панфилов ауданының әкімдігі жүкті болып қалған 8-сынып оқушысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6

Лесновка ауылындағы мектеп оқушысының жүктілігі туралы ақпаратты Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

«Жігіт отбасылы. 1999 жылы туған. Әскери қызметші. Қамауға алынды. Ал оқушы қыз 2008 жылы туған, 8-сыныпта оқиды. Олар осы жазда әлеуметтік желі арқылы танысқан. Екеуінің арасындағы жағдай өз қалауымен болған. Оқушы қыз жүкті. Қазір білім бөлімі тарапынан баланың өзімен, ата-анасымен психологиялық тұрғыда жұмыстар жүргізіп жатыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Нұрбол Қанағатұлы.

Ведомство өкілінің сөзінше, қыз бала толық отбасында тәрбиеленуде. Бірақ отбасының әлеуметтік санаты – аз қамтылған.

Фото: shutterstock.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале